Басты бет / Жаңалықтар / «B. B. NURA» ЖШС пациенттеріне арналған мобильді қосымша

«B. B. NURA» ЖШС пациенттеріне арналған мобильді қосымша

Құрметті пациенттер!
Компания қызметкерлері мен серіктестерінің жемісті жұмысының арқасында  «B. B. NURA» ЖШС пациенттеріне арналған мобильді қосымша» жаңа бағдарламасы іске қосылды.
Бұл қосымшаның функционалы:
  • Гемоглобин, фосфор, паратгормон, креатинин дейін/кейін, кальций және т.б. ағымдағы айдағы талдауларды тексеру деректерін қарау. Сондай-ақ, өткен айлардағы барлық талдау динамикасын есте сақтауға және бақылауға болады.
  • Қол жетімді және түсінікті интерфейсі бар өзін-өзі бақылау күнделігі (сұйықтықты бақылау, қан қысымы, импульс, әл-ауқат), онда барлық белгіленген көрсеткіштер график түрінде ұсынылған.
  • Осы айға гемодиализ рәсімдерін қабылдау кестесін қарау, қажет болған жағдайда науқас дәрігерге емшараны алу кестесінің өзгергені туралы хабарлау мүмкіндігі.
  • Қазақстанның барлық аймақтарындағы «B. B. NURA» ЖШС орталықтарының байланыс мәліметтер базасы.
  • Пациенттер үшін пайдалы ақпарат пен жаңалықтар!

НАЗАР аударыңыз!!!

  • Бұл қосымша пациенттерде ғана жұмыс істейді және ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
  • Тек «B. B. NURA» компаниясының пациенттері үшін қолжетімді.
  • Мобильді қосымшаны смартфоныңызға қазірден бастап мына сілтеме бойынша жүктеуге болады BBNURA – Apps on Google Play

Құрметпен «B. B. NURA» ЖШС диализ клиникаларының желісі.Жаңалыққа сілтеме:
BB NURA Сеть диализных кли…