Құрметті достар!
Сіздерге 2020 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шиелі аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында жаңа гемодиализ орталығы ашылғанын хабарлауға асықпыз. Бұл орталық жаңа, үлкен аурухана кешенінің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы халық саны 27 000 мың адамнан асатын осы өңірдің тұрғындарына ТМККК шеңберінде нефрологиялық және диализ көмегі көрсетіледі. Гемодиализ пациенттері үшін дәрігерлерге диализдік бағдарлама мен дәрілік терапияны дәлірек түзетуге көмектесетін медициналық тексеру қарастырылған. Гемодиализ орталығы 6 «жасанды бүйрек» аппаратына есептелген және 30 пациентті қабылдауға дайын. Гемодиализ рәсіміне пациенттерді ұсынылған көлікте жеткізеді және ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Амиров Нұрлан Әмірұлына және Шиелі кентінің Құрметті азаматтары Баймағамбетов Турмат, Архабаев Пердалиге белсенді көмек көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңалыққа сілтеме: