Басты бет / Пациентке / Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметі

«B.B NURA» ЖШС-де «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес Пациенттерді қолдау қызметі құрылды.

Сізден бейжай қалмай, өз пікіріңізді келесі мәселелер бойынша:
• туындаған сұрақтарыңыз бен ұсыныстар,
• өтініш немесе шағымдар,
• өз ойыңыз бен пікірлер,
•және де, диализ орталығының қызметкеріне алғыс-ұсыныстарыңызды білдіруіңізді сұраймыз.
Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласу нұсқаулары:

1.Телефон қоңырауы: 8 800 080 26 26 (Қазақстан бойынша ТЕГІН).
2.Телефон қоңырауы: 8 701 489 00 37.
3.Ақпараттық брошюрадағы WhatsApp-қа QR сілтемесі арқылы.
4.«Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне жазбаша өтініш қалдыру арқылы.
5.«B.B.NURA» мобильді қосымшасы «Пациенттерді қолдау қызметі» қойындысына жазу арқылы қалдыра аласыз.

Кімдер жүгіне алады?
• Пациенттер
• Науқастардың туыстары
Пациенттердің барлық ресми өтініштері есепке алу журналына тіркеледі, сонымен қатар бөлім Сарапшылары Сіздің өтінішіңізге талдау жүргізеді және стандарттарда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мәселені шешуге көмектеседі.
B.B NURA ЖШС әр пациентке қамқорлық жасап, Сізге бұдан әрі жұмысымызды жақсартуға көмектескеніңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздің денсаулығыңыз бен бізбен байланыста болғаныңыз өте маңызды.
Құрметпен, «B.B.NURA» ЖШС нефрологиялық клиникалар желісі.