• Көкшетау қ. амбулаторлы диализ ортылығы

    Көкшетау қаласындағы ЖШС «B.B.NURA» амбулаторлы диализ орталығы «Төтенше ауруханасының» негізінде 2015 жылдың 2 желтоқсанында ашылды. Орталығы тоғыз «жасанды бүйрек» аппаратарымен жабдықталған, екі сорғы аппарат, функционалдық креслолар және қазіргі заманғы су тазарту жүйесін қамтиды. Көкшетау қаласының амбулаторлы гемодиализ орталығы мемлекеттік тапсырыс негізінде мамандандырылған стационарлық қызмет атқарады. 2015 жылы созылмалы гемодиализ бағдарламасы 35 науқас алды, 2016 жылы науқастар саны 40 пациентке өсті.

    Көкшетау қаласындағы ЖШС «B.B.NURA» нефрология және эфферентті терапия орталығы «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» бағдарламасы аясында ашылды. Орталықтың басты мақсаты бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға кешенді нефрология көмек көрсету қызметін көрсету.

    Жаңа орталық Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тарихында өзінің нефрология диагностиканың моделінің құрылыс үлгісімен ерекшеленеді.

    Орталықтың негізгі мақсаты:
    • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін мамандандырылған стационарлық көмек көрсету;
    • нефрология науқастарын қабылдау және емдеу;
    • бүйрек трансплантациялау, кейін науқастарды іріктеу, оқыту және басқару;
    • жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды ауруханаларда емдеу және басқару.

    Орталығының бірегейлігі – оның соңғы технологиялар бойынша салынған жаңа заманауи медициналық қондырғы болып табылады, халықаралық стандарттар өлшемдеріне сай, Еуропа жетекші зауыттарда жасалған В.Braun, Drager өндірушілерінен соңғы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жаңа орталық су тазалау, медициналық қызмет көрсету инженерлік қамтамасыз ету мүмкіндігімен толық автономды орган болып табылады. Жиырма «жасанды бүйрек» аппараты бес диализ бөлмелерінде орналасқан, оның біреуі гепатит В және С тасымалдаушы науқастарына арналған.

    Қас және шығыс материалдары Еуропадан жеткізіледі. Қан электролит концентрациясы мен қандағы глюкозаға байланысты(калий, натрий, кальций) диализаттың үш түрін пайдалануға болады. Біздің орталықта әрбір пациентке арнайы терапиялық жеке бағдарлама болуы керек деп ойлаймыз. Біздің дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жоғары біліктілік, олардың емдеудің ең заманауи әдістерін білуі, осының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЖШС «амбулаторлы қан тамырлары хирургиясы және эстетикалық флебология орталығы» мен «№1 Қалалық ауруханамен» ынтымақтастықтың арқасында біз емдеудің сапалы болуына сөз бере аламыз(AB -фистулалар, тұрақты катетер, қос люмен катетер).

    Қосымша қызметтер:

    Науқастар екі тамақпен қамтамасыз етіледі

    pavlodar_icon2

    Диализге және қайта үйге көлік беріледі

    кабельді теледидар және Wi -Fi

    Жетекші медициналық мамандар (кеңесшілер): кардиолог, эндокринолог, қан тамырлары хирургі, невропатолог  және т.б. науқастарды жоспарлы тексерулер өткізіледі. Біздің орталықта бүгінде 46 науқас мамандандырылған (созылмалы гемодиализ) стационарлық көмек алып жүр. Орталық 100 орынға арналған.

  • Көкшетау қ. ЖШС «B.B.NURA» медициналық сарапшылары

    Ілиясова Сәуле
    Серікқызы

    Аймақтық басшысы

    Шакәрімова Жәмиля Қабдуалиқызы

    орталығының орынбасары

    Гилязутдинова Наталья
    Сергеевна

    администратор

    Ишмухаметова Гүлрехан Фаритқызы

    бас мейірбике

  • Қала туралы

    Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар, Ш.Уәлиханов аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды.Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Көкше өңірі сырға толы болғандықтан көптеген демалыс орындарының бар екені мәлім. Мысалы: Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. Әр демалыс орындарының өзіндік ерекшеліктері мен сырлары бар. Мысалы үшін: Жеке батыр аңызы көп адамдар біле бермейтін ерекше демалыс орындардың бірі. Жеке батыр көне замандарда Көкше жерін қорғау үшін күндіз түні тынымсыз қарауылдаған. Елінің жан ашыры болып, елдің сүйікті батыры болған деседі. Алайда күндердің бір күнінде Көкшетау жеріне жау шауып, Жеке батыр тұтқиылдан шапқан жауға бір өзі қарсы тұралмай, сол жерде қаза табады. Дәл сол уақытта Жеке батыр жатқан жерден тау пайда болып, Көкше жері жау қолынан қорғалған. Байқап қарасақ шын мәнінде де тау бетіне үңілсек адам бейнесін көреміз.

  • Көкшетау қ. амбулаторлы диализ ортылығының байланыстары

    Kөкшетау қ., Сабатаев к. 1
    8 (7162) 72-31-25, 8 776 176 86 01
    kokshetau@bbnura.kz