• Арал қаласындағы амбулаторлық диализ орталығы

    Арал қаласында амбулаторлық диализ орталығы 2017 жылғы
    13 ақпанда ашылды, ол көлемі 104,0 шаршы метрді құрайтын, амбулаторлық емделушілерге арналған жеке кіру топтары бар «Арал аудандық перзентханасы» ММ базасында орналасқан.

    Орталық заманауи жабдықпен жасақталған, артериялық қысымды өлшеу, Kt/V есептеу функциясы бар «Жасанды бүйрек» Dialog+2 аппараты бар.

    Аталған медициналық орталық созылмалы бүйрек жетіспеушілігін гемодиафильтрациялау емшарасын енгізе отырып, емдеудің еуропалық сапа стандарттары бойынша жұмыс істейтін болады, бұл емделушілерде аурудың асқыну каупін азайтуға және диализдегі емделушінің өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.

  • Арал қ., Аралтұз көшесі 54
    +7 (7242) 32-43-12
    aral.bbnura@mail.ru