Басты бет / Жаңалықтар / iQ диализі Қазақстанда қол жетімді

iQ диализі Қазақстанда қол жетімді

B. Braun Avitum AG компаниясының жаңа буындағы Dialog iQ («жасанды бүйрек») аппараттары BBNURA нефроцентрлерінде орнатылды және алғашқы пациенттермен сыналды.

Жаңа Dialog iQ артықшылығы Biologic Fusion технологиясы болып табылады. Оның арқасында аппарат қан қысымын және гематокритті (қанның сұйық және құрғақ бөліктерінің қатынасы) өзі өлшейді. Көрсеткіштердің ауытқуы жағдайында ол емшара кезінде қан қысымының күрт төмендеуін болдырмайды, бұл пациенттің денсаулығына жағымды әсер етеді.

Тағы бір артықшылығы жоғары тиімді бір инелі диализді жүргізу мүмкіндігі болып табылады, осы ретте пациентке аптасына 6 пункцияның орнына 3 пункциясы жүргізіледі. Бұл артериявеналық фистуласын қалыптастырылғаннан кейін кіру және үнемді режимін қамтамасыз ету проблемаларын азайтады. Осының арқасында фистуланың қызмет мерзімі және пациент үшін жайлылығы жоғарлайды.

Сондай-ақ аппараттың бір ерекшелігі жоғары қауіпсіздігі болып табылады – егер диализдік ерітінді қате дайындалса немесе сапасы төмен болса, аппарат оны пациентке жібермейді.

BBNURA орталықтарының қызметкерлері, соның ішінде диализ залының дәрігерлері, медбикелер мен ағалар, сонымен қатар кеңсе және сервистік компания қызметкерлері Dialog iQ-мен жұмыс жасау үшін толық оқұ курстан өтті. Бұл үшін арнайы Астана қаласына Dr. Reinhardt Peters, Global Manager, Medical Training & Clinical Expert Dialysis келді.

Dr. Reinhardt Peters персоналдың білімін, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен BBNURA орталықтарының жарақтандырылуын жоғары бағалады. Ол әсіресе судың жоғары сапасын және орталықта орнатылған су тазарту жүйесін атап өтті. Dr. Reinhardt Peters айтуынша қолданылатын судың сапасы пациенттердің емшараларына және денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.


Reinhardt Peters, Global Manager, Medical Training & Clinical Expert Dialysis B.Braun Avitum AG

Шолпан Канафина, BBNURA медициналық директоры: «Бұл аппараттар әзірге ТМД-да бірінші болып табылады, біз және біздің орталықтардың пациенттері алғашқы болып олардың артықшылықтарын бағалай алатындығына қуаныштымыз. Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – пациенттерге қамқорлық жасау, сондықтан, ең жақсы күтім және сапаның еліміздің барлық түпкірлерінде қол жетімді болғаның қалаймыз».

B. Braun Avitum AG BBNURA-ның негізгі серіктесі болып табылады, 8 жылда Қазақстанда 800-ден астам пациенттер неміс өндіретін аппараттарының сапасын бағалай алды.