Басты бет / Жаңалықтар / Гемодиализ- өмір үшін күрес

Гемодиализ- өмір үшін күрес

Кеселдің тәуірі жоқ, шамаң келсе, ауырмай бақ. Дегенмен пенде болғасын ауру басқа келмей тұрмайды. Себебі “ауру-Алланың сынағы” дейді. Бір бүйрегі ғана сыр берсе, оған амал табылар, ал екі бірдей бүйрегі істен шыққандар не істейді? Адам ағзасы үшін бүйректің қызметі орасан . Оның жұмысы тоқтаса…. Ия жаман айтпай жақсы жоқ дегендей осыдан бірнеше жылдар бұрын қос бүйрегі істен шыққан науқастар бақилық болып кететін. Өйткені оның емі болмады. Ал бүгін заманауи медицинада мұндай науқастар гемодиализарқылы өмірін ұзартып, қоғаммен бірге жасауда. Қазақшалап айтқанда жасанды бүйрек аппараттары бүгінде Қазақстанның әр өңірінде кездеседі.