2018 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Атасу кентінде «B.B. NURA» ЖШС амбулаториялық диализ орталығының ашылуы өтті.
Орталықтың ашылуына Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Асанұлы Бекхожин және «Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері Серік Әуесханұлы Құлмағанбетов қатысты.
Орталық Жаңаарқа орталық ауруханасы базасында ашылды,3 қабатта орналасқан. Бүгінгі күні гемодиализ емшараларын 5 пациент алады (Атасудан 4 пациент, Ақтөбек кенті бар 1 пациент). Алайда, орталықтың қуаты күніне 6 пациентке дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұған дейін науқастар гемодиализ емшарасын алу үшін Қарағанды қаласына баруға мәжбүр болды, енді мұндай қажеттілік жойылды.
Орталық заманауи Dialog+ аппараттарымен жабдықталған, сондай-ақ орталықта wifi бар, пациенттерді емшараға жеткізу және кері жеткізу және тамақтану бар.