• Шымкент қ. амбулаторлы диализ ортылығы

    Шымкент қаласындағы Нефрология және эфференттік терапия орталығы 2016 жылғы 10 қарашада ашылды.

    Орталық қаланың жаңа «Нұрсат» шағынауданында жеке тұрған екі қабатты ғимаратта орналасқан. Осында  созылмалы бүйрек ауруының терминалды сатысындағы емделушілер медициналық көмек алады. Операциялық блогі бар стационарлық нефрология бөлімі ғимараттың екінші қабатында орналасады, ол диагностикалау, алдын алу, пред-диализ, диализ емшаралары, трансплантациялау және оңалту кезеңдерін қамтитын нефрологиялық  ауруларды кешенді емдеуге мүмкіндік береді.

    Диализ орталығы гемодиализ жабдығының индустриясында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын B. Braun Avitum AG неміс компаниясының соңғы буын су өңдеу жүйесімен және «жасанды бүйрек»  15 аппаратымен жабдықталған. Орталықтың үш ауысымды жұмыс тәртібі кезінде қызмет көрсетілетін емделушілердің жалпы саны шамамен 50 адамды құрайды. Орталық 96 емделушіні емдеуге есептелген, алайда қажеттілігіне қарай орталықтың ресурстары диализ орындарының санын 6-ға, ал емделушілердің жалпы санын 36-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

    Диализ орталығы жоғары білікті нефролог-дәрігерлермен және диализ мейірбикелермен жасақталған.

  • Өскемен қ. ЖШС «B.B.NURA» медициналық сарапшылары

    Болсынов Ыдырыс Тузелбайулы

    аймақтық басшысы

    Сарыбаева Нургуль Абурамановна

    орталығының орынбасары

    Сактаганова Алтынай Жанболатқызы

    администратор

    Досым Жансая Сүнетулаевна

    бас мейірбике

  • Қазақстанның оңтүстігінде аумағы бойынша еліміздеүшінші орынды иеленген Шымкент қаласы орналасқан. Бұл республиканың ірі өнеркәсіп және сауда орталықтарының бірі.

    1992 жылға дейін қала орыс тілінде Чимкент деп аталған болатын. Шымкенттің үйлесімді атауы оның шығу этимологиясын «Жасыл қала» деп ашады. Түркінің «Чим» немесе «Шым» сөзі «шыммен қоршалған қала», «көгалды алқап», ал кент сөзі – «қала» деп аударылады.

    ХХ ғасырда Шымкент Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіп орталығы ретінде қалыптасып, ғасырдың екінші жартысында қарқынды экономикалық өсу басталды. Бүгінгі таңда қалада 70-ке жуық зауыт, фабрика және басқа өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді.

    Шымкенттің мәдениеті өмірдің басқа салалары сияқты өркендеп жатыр. Қала саябақтарында 19 ұлттық мәдени орталығы халықтық мерекелерді жиі ұйымдастырады. Филармония, көркемөнер галереясы, өлкетану мұражайы, кітапханалар, әртүрлі театрлар жұмыс істейді, ал
    2011 жылы цирк ашылды.

    Шымкенттің туристік мәні аса маңызды: бұл дамыған инфрақұрылымы бар ірі қала, Тәшкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін байланыстыратын торап болып табылады. Бұдан басқа, осында экологиялық және тау туризмі дамыған, сондай-ақ аңшылық пен балық аулауға арналған жақсы жерлері бар. Сонымен қатар, қалада және оның төңірегінде әртүрлі тарихи және сәулеттік көрікті жерлер де жоқ емес. Осының барлығы жайлы климатпен бірге Орталық Азия бойынша кез келген туристік маршрутта Шымкент қаласын көз тартарлық етеді.

  • Шымкент қ. амбулаторлы диализ орталығының байланыстары

    Шымкент қ., Нурсат, 791
    +7 (777) 55 77 000
    shymkent@bbnura.kz