• Павлодар қ. амбулаторлы диализ ортылығы

    Павлодар қаласындағы ЖШС «B.B.NURA» амбулаторлы гемодиализ орталығы«Төтенше ауруханасының» негізінде 2013 жылдың 3 қаңтарында ашылды. Орталық он «жасанды бүйрек» аппаратарымен жабдықталған, соның ішінде біреуі –  екі сорғы аппарат, функционалдық креслолар және қазіргі заманғы су тазарту жүйесін қамтиды. Павлодардағы амбулаторлы гемодиализ орталығы мемлекеттік тапсырыс негізінде мамандандырылған  стационарлық қызмет көрсетті. 2013 жылдың басында созылмалы гемодиализ бағдарламаны 17 науқас алды, науқастар саны 2015 жылы 36 пациентке дейін өсті.

    2015 жылдың  5 қарашасында Қанат Бозымбаев облыс әкімінің қатысуымен Павлодар қаласында ЖШС «B.B.NURA» нефрология және эфферентті терапия орталығы «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» бағдарламасы аясында ашылды. Орталықтың басты мақсаты бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға кешенді нефрология көмек көрсету қызметін көрсету.

    Жаңа орталық Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тарихында  өзінің нефрология диагностиканың моделінің құрылыс үлгісімен ерекшеленеді.

    Орталықтың негізгі мақсаты:
    • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін мамандандырылған стационарлық көмек көрсету;
    • нефрология науқастарын қабылдау және емдеу;
    • бүйрек трансплантациялау, кейін науқастарды іріктеу, оқыту және басқару;
    • жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды ауруханаларда емдеу және басқару.

    Орталығының бірегейлігі – оның соңғы технологиялар бойынша салынған жаңа заманауи медициналық қондырғы болып табылады, халықаралық стандарттар өлшемдеріне сай, Еуропа жетекші зауыттарда жасалған В.Braun, Drager өндірушілерінен соңғы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жаңа орталық су тазалау, медициналық қызмет көрсету инженерлік қамтамасыз ету мүмкіндігімен толық автономды орган болып табылады. Жиырма «жасанды бүйрек» аппараты бес диализ бөлмелерінде орналасқан, оның біреуі гепатит В және С тасымалдаушы науқастарына арналған.

    Қас және шығыс материалдары Еуропадан жеткізіледі. Қан электролит концентрациясы мен қандағы глюкозаға байланысты(калий, натрий, кальций) диализаттың үш түрін пайдалануға болады. Біздің орталықта әрбір пациентке арнайы терапиялық жеке бағдарлама болуы керек деп ойлаймыз. Біздің дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жоғары біліктілік, олардың емдеудің ең заманауи әдістерін білуі, осының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЖШС «амбулаторлы қан тамырлары хирургиясы және эстетикалық флебология орталығы» мен «№1 Қалалық ауруханамен» ынтымақтастықтың арқасында біз емдеудің сапалы болуына сөз бере аламыз(AB -фистулалар, тұрақты катетер, қос люмен катетер).

    Қосымша қызметтер:

    Науқастар екі тамақпен қамтамасыз етіледі

    pavlodar_icon2

    Диализге және қайта үйге көлік беріледі

    кабельді теледидар және Wi -Fi

    Жетекші медициналық мамандар (кеңесшілер): кардиолог, эндокринолог, қан тамырлары хирургі, невропатолог  және т.б. науқастарды жоспарлы тексерулер өткізіледі. Біздің орталықта бүгінде 46 науқас мамандандырылған (созылмалы гемодиализ) стационарлық көмек алып жүр. Орталық 100 орынға арналған.

    Ақсу қ. амбулаторлы диализ ортылығы

    2014 жылдың 5 мамырында ЖШС «B.B.NURA» амбулаторлы гемодиализ орталығы «Орталық Ақсу ауруханасының» негізінде ашылды. Барлық Сан -ПиН нормаларына сай ыңғайлы бөлмелерде төрт «жасанды бүйрек» аппараты және бір ГДФ бар. Гепатит В және С вирустық тасымалдаушы пациенттеріне арнайы жеке «жасанды бүйрек» және функционалдық төсек бар бөлме ұйымдастырылған.Ашылу барысында 5 науқас, ал қазір 11 созылмалы гемодиализ науқастары емдеу қабылдауда. Ақсу тұрғындарына гемодиализ орталықтың ашылуы үлкен оқиға болды, себебі бұдан бұрын осындай орталық қалада болмаған. Бұрын емдеу алу үшін адамдар Павлодар қаласына келетін болатын. Орталық ашылғалы науқастар Ақсу сыртына шақпай-ақ емделуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар да гемодиализ емдеуін алады, бұл Ақсу орталық ауруханасына үлкен көмек болып табылады.

    Ақсу қаласындағы амбулаторлы диализ орталығы Павлодар «Нефрология және эфферентті терапия» орталықтарының бірі болып саналады, сондықтан пациенттер әрдайым нефрологтар мен бөлімінің меңгерушісі тексеру және және емдеу жүргізеді.

  • Павлодар қ. ЖШС «B.B.NURA» медициналық сарапшылары

    kasenov

    Қасенов Амангелді Бадиұлы

    Аймақтық басшысы

    duimagambetov

    Дүймағамбетов Жасұлан Шамилұлы

    орталығының орынбасары

    Байсебенова Асел Қайратқызы

    администратор

    sergeenko

    Сергеенко Валентина Васильевна

    бас мейірбике

  • Қала туралы

    Павлодар – Солтүстік Қазақстанда орналасқан, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Ол Оңтүстік-Сібір темір жолының қиылысында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Павлодар мәртебесі Сәуір 4, 1861 жылы алды. Павлодар ауданы – 267 шаршы км. Бүгінгі күні, қала орыс, қазақтар, украиндар, немістер және басқа да этникалық топтардан тұрады. Қала климаты континенттік қалыпты. Ұзақ ауыр қыс пен көп жауын-шашын сирек емес. Бүгін Павлодар Қазақстанның ең ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі болып саналады. Мұнда әр түрлі салаларында 4800 компаниялар бар: машина жасау, құрылыс, энергетика, химия өнеркәсібі, металлургия; зауыттарда мұнай өңдеу бойынша жұмыс жүзеге асырылады.

  • Павлодар қ. амбулаторлы диализ ортылығының байланыстары

    Павлодар қ., Усолка к. 42 6
    +7 7182 66 26 88



    Aқсу, Қамзина к. 53
    +7 7183 75 06 48
    bbnuraaksu@mail.ru